
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» болып ашылды. 1989 жылы тамыздың 28 күні Қазақ ССР министрлер кеңесінің № 256 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 24.07.2015 жылғы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы №585 қаулысымен «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК болып қайта құрылды.
Қорық-мұражай өз жұмысын негізгі екі бағытта жүргізеді. Бірінші бағыты - Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау, қорғау жұмыстары. Яғни қорық ретінде қызметін жүзеге асырады: мемлекеттік акт алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің жалпы жер көлемі 567 8885 га. Құрамында 207 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың ішіндегі 1–халықаралық, 16-республикалық, 14-жергілікті маңызға ие және алдын ала есепке алу тізімінде 171 ескерткіш бар. Қалған ескерткіштердің статусы анықталу жұмыстары жүргізілуде.
Халықаралық дәрежедегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ортағасырлық теңдессіз сәулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды. Әлемдік маңызға ие болған ескерткіштің ұлттық пантеон ретіндегі алар орны да айрықша. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 300-ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, қорық-мұражай мамандарының зерттеулері нәтижесінде сол тұлғалардың бүгінгі таңға 180-і анықталды.
Қорық- мұражайының қорында 23 728 дана құнды тарихи жәдігерлер қордаланған. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнография және нумузматикалық тобына жататын жәдігерлердің талапқа сай сақталуы үшін соңғы үлгідегі арнайы құрылғылар сатып алынып орнатылды.
Қ.А.Ясауи кесенесі
Рабия Сұлтан бегім
Қылует жерасты мешіті
Шығыс моншасы
Түркістан тарихы музейі
Үкаша ата
Гауһар ана
Жылаған ата
Сауран қалашығы
Соңғы жаңалықтар
Хабарландыру

Ясауитану байқауы
22-23 қыркүйек
3D ТУР
